Pfizer COVID-ке қарсы таблетка жасап шығарды
Pfizer фармацевтикалық компаниясы АҚШ билігінен шұғыл жағдайда "Paxlovid" коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі препаратты қолдануға рұқсат сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "RT" басылымына сілтеме жасап.

"Paxlovid" препараты мақұлданса, SARS-CoV-2 вирусына қарсы жасалған алғашқы ішу арқылы қабылданатын дәрі болмақ", - делінген компания сайтындағы хабарламада.
Сынақ барысында таблетканың тиімділігі жоғары екені анықталған. Ол ауру салдарынан аурухана түсу және өлім деңгейін 98% төмендеткен.
Айта кетсек, қазіргі таңда Pfizer Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина өндіреді. Елімізде екпенің бұл түрімен вакциналау қараша айында басталған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"