Петропавлдық кәсіпкерлер депутаттармен бағаның өсу мәселесін талқылады
Петропавл, 3 шілде. Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "CТ Assembly" ЖШС және "Петропавл электротехникалық зауыты" ЖШС ұжымымен кездесті.

CLAAS комбайндарын шығаратын "CT Assembly" кәсіпорнындағы еңбек ұжымында Ержан Бейсенбаев инфляцияны тежеу және бағаны мемлекеттік реттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері үшін төлемдердің дұрыс есептелмеуі сияқты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ал Петропавл электротехникалық зауытында кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қызметкерлер депутаттарға отандық өнеркәсіпті қолдауды күшейту туралы өтініштерін айтты.
Депутаттардың өңірлер бойынша сапарлары жалғасуда.
Қатерлі ісікке шалдыққа жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан: "Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдағанын, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамағанын жасырмады"
Қазақстанда жертөлелер мен паркингтер апат кезінде бункер болуға жарай ма – Ескі паналау орындары моншаға айналған
Алматыдағы Чайкина көшесі, 3а мекенжайындағы кең жертөле де тұрғындарға толық қолжетімді емес