Петропавлда үш жасар қызын өлімші етіп сабаған келіншек 12 жылға қамалуы мүмкін
Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген қатыгез ана 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлдағы ауруханада анасы ұрып тастаған үш жасар бүлдіршіннің көз жұмғаны белгілі болған еді. Ол комадан шықпай жан тапсырған.
Баланың көз жұмуына орай, облыстық ПД қылмыстық іс қайта қараған.
"Қыздың көз жұмғанына байланысты қылмыстық іс 106-баптың 3-бөліміне ауыстырылды. Бұл бапта күдіктіні 8 жылдан 12 жылға түрмеге жабу қарастырылған", - деді ПД өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін баланы соққының астына алды деген күдікке оның 23 жастағы анасы ілінген болатын. Келіншек тергеу изоляторына қамалған.
Тергеу барысы ПД басшылығы мен Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады