Петропавлда өз анасы үш жасар қызын өлімші етіп сабаған
Петропавлда үш жасар қызын аяусыз сабаған келіншек қамауға алынды. 22 жастағы ана баласын есінен танғанша ұрып, артынан өзі жедел жәрдем шақыртыпиы. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Анасының не себепті бұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Анасынан таяқ жеген қыздың қазіргі жағдайы ауыр көрінеді. Хал үстіндегі баланы аяусыз соққаны туралы хабарды дәрігерлер беріпті.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде.Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", -деді СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары Азат Құсайынов.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді