Петропавлда мемлекеттік қызметші ТЖ режимі кезінде блок-бекеттерден өтуге арналған рұқсат қағаздарды сатқан
Петропавлда сот бұрынғы шенеунікке үкім шығарды, ол төтенше жағдай режимі кезінде блок-бекеттерден өтуге арналған рұқсатнамаларды сатумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Сол кезде қалалық әкімдіктің қызметкері жедел штаб құрамында болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол таксисттерге кедергісіз жүріп-тұруға рұқсатнаманы алуды ұсынған, ал қызметін 50 мың теңгеге бағалаған.
Төлемнің бір бөлігін алғаннан кейін сотталушы соманың қалғанын алуы керек еді, бірақ қылмысы әшкере болып, ұсталды.
Ол өз кінәсін толық мойындады, енді оған 3 млн теңге айыппұл төлеуге тура келеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған