Петропавлда мектеп психологы оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды
Петропавлдағы №25 мектепте жанжал шығып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылып, оған қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: emilia-spanish.ru
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы психолог пен оқушы қыздың арасындағы байланысты растады.
Облыстық соттың хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсан айында Бапашев (сотталған) кәмелетке толмаған қыздың жасын біле тұра онымен жалдамалы пәтерде жыныстық қатынасқа түскен. Қаңтар айының басында "жыныстық оқиға" тағы қайталанған.
Бұрынғы психолог жасаған ісіне толығымен өкінетінін жеткізді. Оның жазасы жеңілдетіліп, сот 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуге үкім етті. Ол енді ешқашан педагогикалық мекемелерде жұмыс істей алмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Сенатор білім ордасындағы психологтардың жалақысын көтеруді ұсынған еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен