Петропавл-Алматы бағытындағы Талго пойызында жолда өрт шықты
3 ақпанда Петропавл – Алматы бағытында жүретін Тальго жолаушылар пойызында өрт шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қарағанды облысының Аршалы-Анар учаскесінде Петропавл-Алматы бағытындағы No105/106 пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болған, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.
Жолаушыларды тасымалдау және Алматы вокзалына жеткізу үшін Астанадан жеті купе және бір резервтік вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді.
Қазір "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы құрылған комиссия оқиғаның себептерін анықтауда.
"Стандартты вагондардан белгіленген межелі станцияға пойызбен барған жолаушыларға жол ақысының айырмашылығы белгіленген тәртіпте төленеді", - делінген компанияның хабарламасында.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.