Пермь университетіндегі атыс: Оқу орнында қанша қазақстандық студент білім алып жатыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Пермьде оқып жатқан қазақстандық студенттер жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пермь мемлекеттік университетінде (ПГНИУ) 22 қазақстандық студент оқиды.
“Қазандағы ҚР Бас консулдығының консулдық округі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны 5 мыңға жуық адам. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент білім алуда”, – деді министрлікте.
Баспасөз қызметі ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
“Оқиға салдарынан университетте қаза тапқан және зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ”, – деп мәлімдеді министрлікте.
Айта кетейік, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университетінде 18 жастағы жігіт оқ жаудырды, алты адам қайтыс болды.
Зардап шеккен 28 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың бір бөлігі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі