Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Періштедей балалардан 18+ рэперлерге дейін: Биыл Q-Fest фестивалі несімен ерекшеленді

Q-Fest фестивалі екінші жыл қатарынан жаңа жанр өкілдерінің басын біріктірді. Аталған шараға 20-ға жуық әнші мен топ қатысып, көрермен қауымды қазақ тіліндегі әндерімен таң-тамаша етті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

91 тобыСурет: instagram.com/ninetyone/

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - Q-Pop бағытындағы заманауи музыканы дамыту, жас өнерпаздарға өзін көрсету үшін алаң ұсыну, жастарды отансүйгіштікке баулу, қаланың мәдени имиджін көтеру және т.б. 

Биылғы фестиваль былтырғыдан айтарлықтай өзгеше. Өткен жылы концертті ашқан Ninety one биыл соңында өнер көрсетті. Топ мүшесі Alem фортепианода ойнады. Сондай-ақ, A.Z. «ыстық» туындысының тұсауын кесті. 

«Бұл жолы күшті ерекшеліктер болды. Осы жолы біз өзіміздің әндерді кішкене өзгертіп көрдік. Өз өлеңдерімізді аздап өзгерттік. Жаңа дыбысталумен өзіміздің әнді естіп, кішкене марқайып қалдық», - деді Ninety one рэпері Дулат Мұхаметқалиев. 

Осы орайда Ninety one тобы жаңалығын бөлісті. Айтуынша, жуырда, расымен де, өзге елдің нарығына кірмек. Олар тыңдармандарының мүмкіндігі бола бермейтіндіктен, шетелге көбірек шығуға тырысатынына тоқталды. 

«Бізге Үндістан елі хабарласып, жуырда сауалнама өтті. Олар «Осы жақта тұрып қалай Q-Pop әртісі бола аламыз? Бұл мүмкін бе?» деп. Біз «Әлбетте, мүмкін» деп жауап қайырдық. Себебі, музыка тілге де, ештеңеге де бөлінбейді. Бірақ мұнда бастысы – толқынды сезіп білу. Кейде Q-Pop әртісімін деп жүрген адамдардың бұл жанрға қатысы болмауы мүмкін. Керісін өзін бұлай атамайтындар нағыз Q-Pop  жұлдызы болуы ғажап емес», - деді ZAQ. 

Мінсіз биімен ерекшеленетін Madmen тобы дайындыққа көбірек уақыт бөлуге тырысқанын бөлісті. Олар осылайша өзінен үлгі алып келе жатқан жас өнерпаздарға үлгі болғысы келсе керек. 

«Негізінде дайындыққа көп уақыт бөлінген. Үлгергенімізге дайындалуға тырыстық. Себебі біз осы Q-Fest пен қатар камбэк те жасамақ болдық. Біз үшін бұл фестиваль өзіміздің болашақта шығатын стажерлерімізді таныстырумен ерекшеленбек. Олармен бір сахнада тұрып өнер көрсететін боламыз», - деді топ солисі Рахат Масақбай.

Талқылау