Педофилді ұстауға көмектескен Атыраудың үш тұрғыны марапатталды
Атыраудың үш тұрғынын педофилді ұстауға көмектескені үшін марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Полиция департаменті 6 тамыз күні кәмелетке толмаған балаға сексуалдық зорлық-зомбылық жасағысы келген мас күйіндегі күдіктіні ұстауға көмектескен үш тұрғынды марапаттады. Куәгерлердің көмегімен полиция жасағы күдіктіні құрықтап, уақытша ұстау абақтысына қамады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев Шамиль Кулиевті, Артур Новиковты және 16 жастағы Әлішер Төлегенді ауыр қылмыс үстінде күдіктіні ұстауға көмектескені үшін алғыс айтуға шақырды.
Карантин режимінің санитарлық талаптарын сақтай отырып, ол алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Айматық полиция департаментінің басшысы Әлішерді алдағы уақытта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп