Педиатр балалардағы коронавирустың қауіпті салдары туралы айтты
Коронавирус жұқтырған балаларды тексеру кезінде когнитивті функцияларының 30%-ға төмендегені, сонымен қатар болашақ ұрпақтың құнарлылығы төмен болу қаупі анықталды.

Ресей педиатрлар одағының атқару комитетінің төрағасы Лейла Намазова-Баранова осындай мәлімдеме жасады.
Сарапшы дәрігерлерді COVID-19-бен ауыратын балаларды бақылауға ерекше назар аударуға шақырды.
"Урологтармен бірге коронавирус инфекциясынан кейін ер балаларда сперматогенездің айтарлықтай өзгеруі болатынына назар аудардық. Бұл болашақта бізге келесі ұрпақтардың құнарлылығы төмен проблемаларына алып келеді", - деді Намазова-Баранова.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады