Павлодарлық такси жүргізушісі үш сұраққа жауап берген адамды тегін тасымалдайды
Павлодарлық Талап есімді таксист кездейсоқ жолаушыларға туған өлке туралы үш сұрақ қояды және дұрыс жауап берген жағдайда жолақысын алмайды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Агенттіктің тілшісі жұмысқа бара жатып, «ерекше» таксидің жолаушысы атанды.
– Үнемі бір сұрақтар қойылады. Соңғы төрт жылда бір де бір рет сауалдарды өзгерткен емеспін. Сол уақыттың ішінде бір адам ғана ПМУ-де тарих пәнінің оқытушысы жеңімпаз атанды. Оны тегін жеткізіп салғаныма қатты қуандым. Павлодарлықтар туған қаласының тарихын жақсы білсе екен деймін. Ломов көшесі кімнің құрметіне аталғанын білмейтіндері қандай өкінішті, – дейді жүргізуші.
Ал ол адам Павлодар қаласы үшін қаншама еңбек етті. Жол-жөнекей жолаушыларға сауал қоятын жүргізуші әрі қарай викторинасын жалғастыру үшін сұрақтар мен жауаптардың сырын ашпауды өтінді.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”
