Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жігіт мектеп оқушысын зілбалғамен ұрған: Жәбірленушінің анасы полицияның қол қусырып отырғанын айтады

Павлодар облысында 23 жастағы жігіт 14 жастағы оқушыны зілбалғамен ұрған. Оқушы қолы сынып, ауруханаға түскен. Баланың анасы оқиғаның болғанына бір жарым ай болса да, полиция қызметкерлерінің жұмыс істемегенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Irbis.tv" арнасына сілтеме жасап. 

гипс

Айгүл Адришеваның айтуынша, оқиға қыркүйектің басында Мичурин ауылының маңында болған. Жасөспірім  картоп және сәбіз жинау арқылы аздап табыс табу үшін егіс алаңына барған. Алайда алаңда жігітпен сөзге келіп қалған екен. 

"Балам өзін 23 жастағы жігіттің зілбалғамен ұрғанын айтты. Сөзге келіп қалса керек. Бұдан кейін ұлым ауруханада 10 күн емделді, ота жасады. Осымен бір жарым ай өтті. Сол күні-ақ полицияға арыз жазғанмын", - деп мәлімдеді Айгүл Адришева. 

Ол прокуратураға шағым түсірсе де, қылмыстық істің басталмағанына шағымданды. 

Полицияда істі "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша қарайтынын айтқан. Осы себепті анасы сотқа өзі баруы керек.

"Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабымен қаралатын іс жеке айыптау болып табылады. Жеке айыптау ісі сотқа барлық ережені сақтай отырып, жеке тұлғаны жауапқа тарту жайлы арыздан кейін қозғалады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметкері Жанна Белялова. 

Сонымен қатар полициядағылар жапа шегушінің анасына бұл ережені түсіндіргенін және сотқа арыз жазу кезінде көмектесетін тегін қорғаушы да тауып бергенін айтты. 

Талқылау