Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодарда жолдың қарсы бетіне шығып, жантүршігерлік жол апатының себепкері болған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлік тұрақта тұрған жүк көлігіне соғылған. Салдарынан "Toyota" маркалы автокөлігінің бір жағы толығымен жұлынып кеткен. Ал жүргізуші қауіпсіздік жастығының арқасында аман қалған.
"Павлодарда Жібек Жолы көшесі бойында Toyota автокөлігі MAN жүк көлігімен соқтығысты", – делінген полиция хабарламасында.
Апатан аман қалған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр, ал автокөлік айып тұрағына қойылған.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”