Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді
Паводарда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 67 жастағы зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнеткер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2022 жылы есірткінің заңсыз айналымы бойынша 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталған.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен