Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті

көлік
Фото: Freepik.com

Павлодарда прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

13 тамызда сағат 18:39-да Нұрмағамбетов пен Қамзин көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кету туралы қоңырау түсті.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы оқиға орнынан 60 жастағы әйел Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Облыстық прокуратура көлікті бақылаушы орган қызметкері жүргізгенін растады.

Апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қырмызы Скендір
Жексенбі, 16 Тамыз, 2026 08:36