Павлодарда қоқыстан өлі туған нәресте табылды
Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған нәресте табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметіншее, 7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.
“Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған