Павлодарда екі оқушы қызды трамвай қағып, бірі сол жерде көз жұмды
Павлодарда трамвай астында қалып қойған екі қыздың бірі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, оқиға 7 қыркүйек күні болған. Трамвайды 1987 жылғы қыз басқарған. Оның еңбек тәжірибесі – 5 жыл.
Трамвай астына түскен қыздар 2007 және 2009 жылғы екі мектеп оқушысы. 10 жастағы қыз сол жерде көз жұмды. 8 жастағы аурухананың жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Оны нейрохирург, травматолог, реаниматолог мамандар қарап жатыр.
«Жағдайы ауыр, қатты соққы алған. Таңертең сағат 8.10-да жекізілді», – деп хабарлады ведомство.
Тағы да оқыңыз:
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еріктілердің үш жұбы отау құрған
Тұрмыс құруға уақыт жоқ: Астаналық ана болуына “көмектесетін” ер адам іздеп жүр
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды