Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті (видео)
Павлодарда екі баланы көлік қағып, салдарынан олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
"Mazda көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Апат салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Көлік айыптұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сүйектері сынған 2008 жылы туған ұл бала ауруханаға жатқызылған. Ал қыз бала тексеруден өтіп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 18 жастағы жігіт 4 жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген