Павлодарда бюджет қаржысын ұрлаған басқарма басшысының орынбасары 9 жылға сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі "Қамқор" жедел алдын алу шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
"Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысының орынбасары және "Арт-Class" ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басқарма мемлекеттік сатып алу негізінде "Арт-Class" ЖШС және "Аюм и Д" ЖШС-мен ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармамен қамтамасыз етуге бірқатар шарт жасасқаны анықталып, жалпы сомасы 476 теңден асты.
Жеткізушіге 133 млн теңгеге жуық деп көрсетілген, шын мәнінде техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алып, залал келтірілген.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді.
Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот үкімімен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылады.
Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.