Павлодарда бір тәулік ішінде үш дәрігер пневмониядан көз жұмды
Павлодарда бір тәулік ішінде үш дәрігер пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 шілде күні Павлодарда өңірдің үш жетекші маманы: терапевт Дина Литвинова, 40 жылдық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог Галина Жучкова және облыста танымал жетекші стоматолог-хирург Руслан Тургунбаев көз жұмды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, үшеуі де бір күнде коронавирус деген күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, кейіннен оларға пневмонияға диагноз қойылған.
"Әлі күнге дейін әріптестеріміздің жоқтығына сенбейміз. Олар жұмысын шексіз сүйді және сүйікті ісіне адал еді. Әрқашан мұқият, мейірімді, жауапты болды. Біз үшін бұл өте үлкен қайғы. Олардың қазасы облыс тұрғындарының қабырғасын қайыстырды", - дейді әріптестері.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"