Павлодарда банкомат тонамақшы болған азамат оны жарып жіберді
Павлодарда банкоматты тонамақшы болып, оны жарып жіберген 25 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Ақсуда орын алыпты. Бәлкім фильмдерден көріп алған болар, павлодарлық азамат банкоматты дәл осылай тонамауға бел буыпты. Оның бұл әрекеті сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адамның өзімен бірге екі шарға ұқсас зат алып келгені байқалады. Осы заттарының ішіне бензин құйып, банкоматты жарған. Алайда оның бұл еңбегі зая кеткен көрінеді. Себебі ақша аппаратының ішінде ақша болмай қалған. Жарылыстың салдарынан банк ғимаратына залал келген: оның терезелерін сыныпты. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деп 1995 жылғы ер азаматты қолға түсірген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар