Павлодарда әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды
Павлодарда № 5512 әскери бөлімінен кеше сағат 6:30 шамасында кетіп қалған сарбаз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді, - деді ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында. Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз", - делінген Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын.
"VITA" іздеу жасағының еріктілері мен Павлодар облысының әскери-тергеу органдары сарбазды бірге іздеген болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар