Әлеуметтік желіде арзан туристік жолдамаға сеніп қалған қазақстандықтар сан соғып қалды
Полицейлер тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы туристік жолдама рәсімдеуде абай болуға шақырды. Мәселен, Павлодарда туристік жолдама рәсімдеуге қатысты үш алаяқтық дерегі тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтар Instagram парақшасындағы жарнаманы көрген соң туристік жолдамаға тапсырыс берген. Фирма менеджерімен мессенджер арқылы сөйлесіп, мобильді қосымшадағы аударымдар сервисімен алдын ала төлем жасаған.
Ақша аударымы сәтті өткен соң менеджер байланысқа шығуды доғарып, клиенттерді мессенджерде бұғаттап тастаған. Өздерінің алаяққа алданып қалғанын білген тұрғындар полицияға арыз түсірген. Қазір полицейлер жедел-іздеу шараларын ұйымдастырып, күдіктілердің жеке тұлғасын анықтап жатыр.
Полицейлер азаматтарға таныс емес адамдарға ақша аудару кезінде фирма мен интернет-дүкен жайлы іздеп көруге кеңес береді. Егер алданып қалған жағдайда полицияға бірден хабарласқан жөн.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан