Павлодарда 4-сыныптың оқушылары жеті жасар балаға сексуалды азғындық жасаған: Зардап шеккен оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодарда 4-сынып оқушылары 2-сынып оқушысына сексуалды сипаттағы азғындық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Істі тексеріп, тергегеннен кейін шенеуніктер ата-аналар мен мұғалімдерді жауапқа тартатынын мәлімдеді. Облыста тексеру жүргізілді.
4-сынып оқушыларының бірі жеті жасар баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, ал құрдасы бәрін телефонға түсіріп алыпты. Кейінірек ата-аналар балалардың анайы ойындар ойнайтынын біліп қалған.
Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, балалардың бәрі бір-бірімен жақсы таныс, жиі бірге ойнайды. Оқиға балалардың біріне қонаққа барғанда болған.
"Баланы зорлау фактісі болған жоқ, бірақ жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болды", – деді Гладышева.
Тергеу барысында зорлық жасаған да, зәбір көрген баланың да ата-аналары жауапқа тартылатын болды. Себебі оқушылардың ата-аналары бір-бірімен келісіп, істі жабуға шешім қабылдаған, осылайша балаларды қорғауға тырысқан.
"Ата-аналарға қатысты да әкімшілік жауапкершілікке тарту басталды. 4-сынып оқушыларының ата-аналары баланы тәрбиелеумен айналыспағаны үшін, ал 2-сынып оқушысының ата-аналары балаға уақытылы көрсетпеген көмек көрсетпей әрі полицияға жүгінбегені үшін кінәлі деп жауапқа тартылады", – деді Светлана Гладышева.
Қызметтік тергеу және комиссия отырысының қорытындысы бойынша мектеп директорлары, тәрбие зав жөніндегі меңгеруші, әлеуметтік педагог, психолог және сынып жетекшілері барлық үш оқушыны әкімшілік жауапкершілікке тартады. Балалар сабаққа баруды және өзара қарым қатынасты жалғастыруда.
Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеген еді. Алайда зәбір көрмеген баланың анасы оқушыға одан сайны қысым болады деп үнсіз қалған.