Павлодарда 20 жастағы жігітті үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті
Павлодарда 20 жастағы жігітті үйінің кіреберісінде пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 қазанда сағат 02:25 шамасында Павлодар қаласы Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен 20 жастағы ауыл тұрғынының мәйіті табылғанын хабарлады. Оны пышақпен жарақаттаған.
Жас жігіттің мәйіті үйдің кіреберісінен табылды.
Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді