Павлодар тұрғыны көшенің қақ ортасында шалбарын шешкені үшін жауапқа тартылды (видео)
Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылында ер адам ерсі әрекеті үшін бір аптаға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ол шалбарын шешіп, өзінің жыныс мүшесін көрсеткен.
Полиция әлеуметтік желіде тараған видеоны көріп, тәртіп бұзушыны ұстады. Осыдан кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.
Әйелдің айтуынша, көрші үйде тұратын ер адам балаларына ұрысқан. Одан кейін шалбарын түсірген. Келіншек көршісіне ескерту жасап, бәрін видеоға түсіріп алған. Осы кезде мас ер адам тағы шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсеткен.
57 жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Бүгін сот қаулысымен оны 7 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Талқылау
                            
                        
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
            
                    
                
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен