Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды

Павлодар облысында өз анасының қолынан қаза тапқан 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, шенеуніктер дұрыс жұмыс істесе, бұл сұмдықтың алдын алуға болар еді.

Аталған отбасы бұрыннан жағдайы нашар ретінде есепте тұрғанымен, соңғы алты жылдан бері назардан тыс қалған. Анасы араққа салынған үйде тіпті тамақ ішетін үстел де болмаған. Олардың жайын білген бір шенеунік жоқ. Ашуға мінген әкім өзінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, Екібастұз қаласы әкімі мен орынбасары, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына қатаң сөгіс берді. Ал сол ауылдың әкімін жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасады.

“Әр мемлекеттік органның басшысы басшы болғаннан кейін жауапты болуы керек. Өзінің сұрағына ие болуы керек. Өзінің саласына ие болмаған басшы, әрине, ертеңгі күні қалай да осындай бір зиян әкеледі. Сондықтан біздің басты мақсатымыз — балалардың құқығын қорғау”, – деді облыс әкімі Асайын Байханов

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды туған анасы өлтіргені туралы жазған болатынбыз. Кейіннен 7 жасар Милананың өліміне қатысты көршілері адам шошырлық деректермен бөлісті

Талқылау