Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды
Павлодар облысында 17 қараша күні жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты облыстық полицейлер растады.
"Өкінішке орай, қыз қайтыс болды. Баланың денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды", – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, Павлодар облысында17 қараша күні жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам қатысты. Жүзден астам автокөлік, сондай-ақ "Қазавиапас" тікұшағы жұмылдырылды. Полицейлер мен құтқарушыларға еріктілер мен облыстың алаңдаулы тұрғындары көмектесті. Қыздың бағдары барлық аумақтық бөлімшелерге және жақын орналасқан аудандарға жіберілді. Оқиға орнына облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бастаған тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"