Павлодар облысында жел салдарынан 21 ауыл жарықсыз қалды
Павлодар облысында қатты соққан жел салдарынан 21 ауылда жарық өшті. Электр қуатынсыз қалған абоненттердің нақты саны белгісіз деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше апат салдарын жою үшін 22 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Ал жел жылдамлығы секундына 27 метрге жеткен.
"8 наурызда 04:15-те Жаңатілек ауылында Б.Хайдаров атындағы мектептің шатыры жартылай ұшып кетті", – делінген хабарламада.
Ал Павлодарда 4 қабатты әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды.
"Ауданы 1 440 шаршы метр болатын шатыр толығымен ұшып кетті. Ғимарат 1980 жылы салынған, соңғы рет былтыр жөндеу жүргізілген", – деп қосты ведомство өкілдері.
Аймақта зардап шеккендер жоқ. Ал тұрғындар жел салдарының видеосын әлеуметтік желіде жариялаған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған