Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында орман өрті салдарынан ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Cүгір ауылының тұрғындары Павлодар облысындағы орман өрті салдарынан эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысында Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" табиғи резерваты өртке оранды. Өңірдің ТЖД атап өткендей, өрттің Ресей Федерациясының аумағына өту қаупі бар.

Оқиға орнында 24 бірлік техника және 104 адам жұмыс істеп жатыр. Өрттің болжалды ауданы –  400 гектар.

"Сүгір ауылының тұрғындары Шалдай ауылына көшірілді. Барлығы 26 тұрғын", - деп атап өтті ТЖД.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көптеген найзағай разрядтарының салдарынан аймақ аумағында  соның ішінде Шарбақты ауданы мен Аққулы ауданындағы дала орманшылықтарында бірнеше өрт болған.

Жағдай ыстық, құрғақ ауа-райымен және қатты желмен қиындап тұр. 

"Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асайын Байханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнына ұшып кетті. Онда өрт ошақтарын оқшаулау және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті іс - шаралар ұйымдастырылады",-деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын өрт шарпыған болатын. 

14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Жергілікті атқарушы органдар ақпараты бойынша өрттің болжамды ауданы 800 гектар болған.

Талқылау