Павлодар облысында оқушы қыз өзінен кіші қыздың телефонын күштеп тартып алды (видео)
Павлодар облысы Ақсу қаласында оқушы қызға шабуыл жасалды. 15 жастағы оқушы өзінен кіші қыздың телефонын тартып алды.

Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді.
Тұрғын үй подъезіндегі бейне бақылау камерасына оқиғаның қалай болғаны түсіп қалды. Видеодан12 жастағы жәбірленушінің үйге қашып кіргенін көруге болады. 15 жастағы оқушы оны қуып жетіп, телефонын тартып алып қашады. Бұл сәтте темір есіктен тағы бір адамның кіргені байқалады.
Полиция мәліметінше, жәбірленуші үйіне кіріп, құқық қорғау органына хабар береді.
Қазір оқушы қыз ата-анасына тапсырылды. Қылмыстық кодекске сай тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"