Павлодар облысында қоңыздардың кесірінен мал қырылып қалды
Павлодар облысында колорадо қоңызымен күрес малдың жаппай қырылуына себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоңыздарды улаймыз деп, малдарды өлтіріп алған.
"Сараптама "Дихлорфос", "Диметоат", "Паратионметил", "Хлорпирифос" өнімдері табылғанын көрсетті. Олар осыған уланып қырылды", – деді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.
Железин ауданының "Асан" шаруа қожалығында 37 сиыр қырылып қалған.
Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, барлық мал егілген, ол ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасына енгізілген. Базаның жанында Колорадо қоңызына қарсы картоп алқаптары өңделді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған