Павлодар облысында әкесі мен ұлы ауылдасын буындырып өлтірген
Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына Железинск ауданындағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс түскен. Іс материалдарына сәйкес, үш азамат ауылдасын буындырып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкесі мен ұлы және тағы бір ауыл тұрғынына жанжал кезінде жерлестерін буындырып өлтірді деген айып тағылған. Төбелестен кейін 49 жастағы үй иесі марқұмның мойнына капрон жіп салып, буындыра бастаған. Жіп үзіліп кеткен соң, қонаққа келген ауыл тұрғыны оған металл арқан алып келген. Ал бұл кезде 29 жастағы ұлы марқұмды ұстап тұрған.
Ер адам мерт болған соң үй иесі, ұлы мен ауылдасы мәйітті ауыл сыртына шығарып, орманда көміп тастаған.
Егер сот отырысында күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 15-тен 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"