Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала қатты ашыққан": Павлодар облысында 8 айлық нәресте жұмбақ жағдайда көз жұмды

Павлодар облысында 8 айлық нәресте жұмбақ жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook/mypavlodar

Нәрестенің өлімі туралы павлодарлық "Вита" іздеу тобының еріктілері хабарлады. Еріктілердің айтуынша, нәресте аштықтан көз жұмған.

“Бүгін біз Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде тағы бір қайғылы оқиға туралы естідік. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 8 айлық сәби аштықтан көз жұмған, осы отбасының қалған балаларының да жағдайы мәз емес”, – делінген “Вита” еріктілерінің әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Денсаулық сақтау басқармасы Шідерті ауылындағы бала өлімін растады. Жедел жәрдемге шақырту 17 қараша күні түскен. Қоңырау шалушы баланың тыныс алмай жатқанын хабарлаған. Шақыртуға барған дәрігерлер баланың көз жұмғанын анықтады.

"Бала сот-медициналық сараптамаға жеткізілді, ол жерде сараптама жасалды. Баланың салмағы жасына сәйкес келмейді. Өлімнің түпкілікті себебі гистологиялық сараптама қорытындысын алғаннан кейін анықталады", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Талқылау