Павлодар облысында 6 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу тоқтатылды
Павлодар облысында заң бұзушылықтар анықталғаннан кейін 6 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратураның хабарлауынша, облыста өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың конкурстан тыс әдісімен іріктеу фактілері анықталды.
"Еңбек-Өскемен" РМК филиалы және "КазСтройСервис" ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 миллиард теңгені құрады. Қала прокуратурасының қадағалау актісі негізінде ішкі мемлекеттік аудит бөлімі талап-арыздарды жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 келісім жарамсыз деп танылды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы ("Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі