Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Асхат Ораловтың дене қызуының көтерілуіне байланысты коронавирусқа тест тапсырғанын хабарлады. Тест оң нәтиже берген.
Қазіргі таңда әкіммен байланыста болған тұлғалар анықталып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.
Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Нәтижелері кейінірек жарияланады.
Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулерден бас тартылады.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес