Пәтерге миллиондап ақша салған көкшетаулықтар бес жыл бойы баспанаға жете алмай жүр

Көкшетауда үлескерлер не пәтерін, не пәтерге салған ақшасын ала алмай әлек болып жүр. Айтуларынша, құрылыс салушы түрлі дағдарысты сылтау етіп, үйді тапсыру мерзімін үнемі кейінге шегеріп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз барлық соманы толық, 100 пайыз төлеп қойдық. Бізге желтоқсан айының басында-ақ пәтерге кіріп, құжаттарымыз қолымызда болады деп айтылған еді. Бұл 2021 жылы болды, қазір 2026 жыл, ештеңе өзгерген жоқ.
Бұл тұрғын үй кешенін 2021 жылы салуға кіріскен. Үлескерлердің көбі пәтер үшін толық ақшасын төлеген, алайда бір сәтте құрылыс қарқыны баяулай бастады. Бес жылдан бері үйдің қашан тапсырылатыны нақты белгісіз.
Олардың айтуынша, құрылыс компаниясының басшылығы мерзімді үнемі кейінге шегере береді. Белгілі болғандай, бұл проблемалық нысанмен әкімдік те бұрыннан айналысып келеді.
Әлі салынбаған үшінші блокқа жаңа мердігер табылған, ол қазір үлескерлер туралы мәліметтерді жинап, жұмысты бастауға дайындалып жатыр. Ал екінші блокты бұрынғы компания аяқтауы тиіс. Компания басшылығы мәселені 2022 жылғы кірпіш тапшылығымен байланыстырып отыр. Бірақ олар бұл жолы бәрі нақты аяқталады деп сендіріп отыр. Дегенмен, жұмыстардың нақты қашан аяқталатынын айтудан бас тартты.
"Компания бір кезеңде осындай дағдарысқа тап болды. Бірақ қазір біз бұл жағдайдан шығып келеміз. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Тек ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалды, сонымен қатар лифт жеткізілгенін күтеміз, оның мерзімі шамамен екі ай", – деді құрылыс компаниясының директоры Санат Шәкимов.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты