Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатысады
Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның Амман қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бастаған Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады.Әуелі боксшыларымыз 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық бәсекеге қатысады. Бұл турнир турнир ұлттық құрама боксшылары үшін алдағы Азия біріншілігіне іріктеу болады. Бұл халықаралық турнирге Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерден спортшылар келеді.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді. Азия біріншілігіне қатысатын кейбір салмақтардағы спортшылар осы Қарақозы Әбдәлиев турнирінен соң анықталады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген

