Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыға алмады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасының ширек финалында жеңіліске ұшырады. 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жеткенімен ширек финалда грузиялық боксшы Лаша Грулиден ұтылып қалды. Базарбайұлы алғашқы раундта қарсыласын басым түскенімен қалған екі раундты қарсыласына беріп қойды. Осылайша Қазақстан құрамасының бесінші боксшысы жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев және Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жектерінде ұтылып қалса, Айбек Оралбай ширек финалда есе жіберді.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады

