Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Parimatch "Лестер Сити" футбол клубының жаһандық беттинг-серіктесіне айналды

"Лестер Сити" футбол клубы 2020/2021 Премьер-лига кезеңінің қарсаңында өзінің жаңа беттинг-серіктесі Parimatch-ты жылы қабылдады. 

париматч

Алдағы УЕФА Еуропа лигасы аясында жергілікті және сырт аймақтарда өтетін сайысқа қатысатын футбол клубының негізгі құрамасының формасында букмекерлік ұйымның символикасы пайда болмақ. 

Бұған қоса Parimatch логосы Premier League, Emirates FA Cup және  Carabao Cup-тың жергілікті футбол жарыстарында шеткі жарық қалқаншаларында, клубтың әлеуметтік желідегі парақшалары мен King Power стадионындағы барлық маңызды ойындарында көрініс табады. 

"Біз Parimatch-пен серіктес болғанымызға қуаныштымыз. Бұл халықаралық брендпен бірігіп жұмыс істеп, бір-біріміздің танымалдылығымызды арттыратын уақытты асыға күтудеміз", - дейді "Лестер Сити" футбол клубының серіктестік бөлімінің басшысы Хардж Хир. 

Parimatch - 26 жылдық тарихы бар халықаралық онлайн-букмекер. Қазақстаннан бөлек бренд Ресейде, Украинада, Беларусьта, Үндістанда, Қытайда, Кипрде, Танзания мен Тәжікстанда белгілі. 

"Бұл - Parimatch үшін керемет серіктестік. Премьер-лига - әлемдегі ең үлкен әрі танымал жарыстардың бірі. Біз дүниежүзілік сайыстардың бір бөлігіне айналатынымызға қуанып отырмыз. Біздің бренд пен "Лестер Сити" құрамасына тән дүниелер өте көп. Лестер - бүкіл әлем жұртшылығын таңғалдыра білген премьер-лиганың ажырамас тарихы. Олардың 2016 жылдағы жеңісін ешкім де ұмытпайды. Содан бері Лестер Премьер-лигаға кіретін беделді футбол командасы ретінде атын шығара алды. Футбол тобының екпіндеп жоғары көтерілуі олардың көреген менеджменті мен жетістікке ұмтылуының арқасында. Parimatch-та халықаралық ойын индустриясында енді танылып келе жатқан ұйым. Біз өзіміздің даму жолымызда түрлі қиындықтарды өткеріп, бүгінгі нәтижеге қол жеткізу үшін жан-жақты дамуды тоқтатпадық. Алдағы уақытта Лестердің табандылығы бізге халықаралық аренаны әрі қарай бағындыруымызға рух сыйлайды деген үміттеміз", -дейді Parimatch СЕО-маманы Сергей Портнов. 

Букмекердің ресми бренд-амбассадоры - UFC жұлдызы Конор Макгрегор. Қазақстандағы брендтің өкілдері: ММА спортшысы Артем Резников, UFC-дағы алғашқы қазақстандық бойжеткен Мария Агапова, "Қайрат" АФК-ның қақпашысы Лео Игита және боксшы Виктор Коточигов.

Брендтің ресми серіктестері - "Қайрат" АФК, "Астана" және "Ақтөбе" футбол клубтары. Бұған қоса Parimatch Dota 2 ойыны бойынша Virtus.pro және CS:GO бойынша Fnatic киберспорттық командаларының титулды демеушісі, ТМД аумағындағы UFC-дің эксклюзивті биттинг-серіктесі. 

Талқылау