Пандемия кезінде шетелден азаматтарды тасымалдаған ұшқышқа көз жұмғаннан кейін марапат берілді
Пандемия кезінде шетелден азаматтарды тасымалдау, гуманитарлық көмекті Қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаевқа қайтыс болғаннан кейін "Құрметті авиатор" сыйлығы табыс етілді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты Болат Серікбаевтың ағасының жұбайы алды.
"Серікбаев Болат Мұсаұлы "SCAT Airlines" АҚ "Боинг-757, 767" ұшақтарының командирі қызметін атқарды.Пандемия кезінде басқа елдерден Қазақстан Республикасының азаматтарын қайтару және гуманитарлық жүктерді тасымалдау бойынша рейстерді жүзеге асырды", - делінген хабарламада.
Комитет Серікбаевтар отбасына азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.
Болат Серікбаевтың 2020 жылдың 15 шілдесінде коронавирустық пандемия шарықтау кезінде көз жұмған болатын. Өлімнің себебі - коронавирус белгілері бар пневмония. Болат Серікбаевтың авиация саласында 38 жылдық тәжірибесі болған.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"