Коронавирустан 34 полицей көз жұмды – Тұрғымбаев
Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде ішкі істер органдарының 34 қызметкері көз жұмды. Бұл туралы министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, пандемиядан 34 қызметкер қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды", - деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министр әлемдік пандемия полиция жұмысына өзгеріс енгізгенін атап өтті.
"Полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс істеді. Күніне 12 мың қызметкер жұмысқа шықты. Карантин жариялағанда 50 мың қызметкерге дейін жұмылдырылды", деді ол.
Сондай-ақ, айтуынша, полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 445 блок бекетті күзетті, ауру тараған 700 аумақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын бақылады.
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді
Алматылықтар кептеліске шағымданып, күзден қауіптеніп отыр: Әкімдік көлік мәселесін қалай шешпек
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған