Павлодар тұрғыны досының атынан жасырын түрде 14 несие алған
Павлодар тұрғыны досының атына жасырын түрде 14 несие рәсімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтады және ұстады, ол өзінің кінәсін мойындады. Бұл жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты", - дейді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Былтыр зардап шегуші досынан карта ашып беруді сұраған. Күдікті де келісе кеткен.
Досының жеке деректерін біліп алған күдікті банк картасы арқылы 14 несие рәсімдеген. Ол алған ақшасын букмекерлік компанияға салып тастаған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты 190-баптың 2-бөлімі, 4-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды