Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда Үндістан соққысынан қаза тапқандар 31-ге жетті

Фото: Anadolu

Пәкістан билігі Үндістанның әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 31-ге жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армия өкілі Ахмед Шариф Чаудри 57 адамның жараланғанын айтты.

Пәкістанның премьер-министрі Шехбаз Шариф Үндістанның соққыларын "жазасыз қалмайтын сұмдық агрессия актісі" деп атады.


Air Astana Үндістан-Пәкістан қақтығысына байланысты Делиге рейстерді тоқтатты


Үндістан екі апта бұрын Кашмирде туристерге жасалған шабуылға жауап ретінде содырлардың нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Пәкістан билігі шабуылға қатысы барын жоққа шығарды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске қысқаша түсініктеме берді.

"Мен екі елді де жақсы білемін. "Мен олардың бұл мәселені өзара шешкенін қалаймын. Егер қандай да бір жолмен көмектесе алсам, мен сонда боламын", – деді Трамп.

Еске салсақ, Пәкістан әскері Үндістан әуе күштерінің зымырандармен соққы жасағанын мәлімдеген еді. Бұған дейін соққыдан 26 адам мерт болғаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 09:12
Талқылау