Пәкістанда лаңкестер кепілге алған жолаушылар босатылып, 50-ден астам лаңкес өлтірілді
Пәкістанда кепілге алынғандар пойыздан босатылып, 50-ден астам шабуылдаушы өлтірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AFP
11 наурызда Пәкістанда "Белуджистанды азат ету" тобы 400 адам отырған пойызды атқылаған еді. Олар пойызда отырған жолаушыларды кепілге алып, талаптары орындалмаса, адамдарды өлтіретіндерін мәлімдеді.
Кейін кепілге алынған 350-дей адам құтқарылды. Тағы 27 адам сепаратистер қолынан қаза тапқан. Құтқару операциясы кезінде кем дегенде 50 шақты содырдың көзі жойылды деп айтылды.
Еске салсақ, Пәкістанда лаңкестер жолаушылар пойызын атқылап, адамдарды кепілге алған еді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"