Пәкістан әскері Үндістанға қарсы кең ауқымды әскери операциясын бастады
Фото: India Today
Пәкістан әскері Үндістанға жауап ретінде ауқымды әскери операциясын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Geo TV арнасына сәлтеме жасап хабарлайды.
Елдің Сыртқы істер министрі Исках Дар Пәкістанның "соңғы үш күнде Үндістанның толассыз агрессиясына" қарамастан, шиеленістен аулақ болуға тырысқанын айтты.
“Үндістан біздің елді бірнеше рет соққы берді деп айыптады. Бұл операция Пәкістан тарапынан жасалған алғашқы шабуыл. Нью-Дели Исламабадты "халықаралық қоғамдастық алдында агрессор ретінде көрсетуге тырысты, бірақ әлем бұл мәлімдемелерге сенбеді”. Біздің ел басқа елдердің ұстамды болуға шақырған үндеулеріне құрметпен қарайды. Алайда Үндістан қызыл сызықты кесіп өтті. Сондықтан Пәкістан жауап беруге мәжбүр”, – деді ол.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, пәкістандық әскерилер Адампурдағы Үндістанның әуе базасын жойды. Олар Удхампур авиабазасына да соққы берді. Сондай-ақ кибершабуыл Үндістанның электр желісінің 70 пайызын істен шығарды.
Еске салсақ, 7 мамырға қараған түні Үндістан Пәкістанға зымырандық шабуыл жасап, 24 нысанға соққы жасаған еді. Артынша Пәкістан қарулы күштері де Үндістанға әуе шабуылын жасады. 8 мамырда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әскери қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, екі елдегі қазақстандықтардың эвакуацияланбайтынын айтты.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
