Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшаны ғана емес, жүйке жүйеңізді де есепке алғанда, баланы мектепке жинау қанша болады

озон басты сурет

Мектепке дайындық дегенде көбіміз бірден дәптер, қалам, форма, аяқ киім мен сөмкенің бағасын есептейміз. Бірақ 1 қыркүйекке дайындалудың құны тек чекпен өлшенбейді. Дүкенге дейінгі жол, кептелісте тұру, кезек күту, бірнеше сағат бойы сауда жасау, баланың шаршауы, жол-жөнекей алынған тәтті мен сусын, тіпті бастапқы жоспарда болмаған заттар да жалпы шығынға қосылады. Бір отбасы үшін ең қымбат ресурс – уақыт. Екіншісі үшін – жүйкесі маңызды. Ал бірнеше баласы бар отбасы әр теңгені есептейді. Біз үш анамен сөйлесіп, олардың мектепке дайындалуда қандай лайфхактарды пайдаланатынын біліп көрдік. 

 

Дүкен аралауға уақыт жұмсамайтын миллениал ана

42 жастағы Салтанат Даулбекқызы – үш баланың анасы. Жеке кәсіпкер болғандықтан, жұмысы күннің белгілі бір уақытымен шектелмейді. Сондықтан мектепке қажетті заттарды алуға кететін уақытты қысқарту ол үшін маңызды.

Мектепке дайындық әдетте сабақтың басталуына бірнеше апта қалғанда басталады. Тамызда мұғалімдер қажетті заттардың тізімін жібереді. Бастауыш сыныпта бұл дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш сияқты қарапайым кеңсе тауарлары болса, жоғары сыныптарда геометрия, сызу, география сияқты пәндерге қажетті атлас, циркуль және басқа заттар қосылады.

Кейбір заттарды ата-аналар комитеті бүкіл сыныпқа бірден сатып алады. Бұл ата-аналардың уақытын үнемдейді дейді. Ал жеке сатып алатын заттарды кейіпкер көбіне маркетплейстен іздейді.

"Мен жеке кәсіпкермін, жұмысым тәулік бойы, жылына 365 күн жалғасады. Сондықтан мектепке дайындық кезінде сатып алуға кететін уақытты барынша қысқарту мен үшін өте маңызды", – дейді ол.

Оның айтуынша, Ozon Қазақстанда балаларға арналған кеңсе тауарларының таңдауы кең. Ол санаттар мен сүзгілерді пайдаланып, тауардың рейтингіне қарайды. Оның үстіне Ozon Қазақстан арқылы мектепке қажетті заттарды сатып алуға ең көбі 30 минуттай уақыт кетеді екен. Ал дүкенге бару үшін алдымен жолға шығып, керек дүкенді тауып, ішін аралап, қажетті затты іздеу қажет. 

"Маған Ozon-ды ашып, нақты дайындалған тізім бойынша қажетті заттарды таңдай салу әлдеқайда оңай. Оған тіпті 15 минуттай ғана уақыт кетуі мүмкін. Барлығын тез рәсімдеп, тапсырыс бересің де, келесі жазға дейін бұл мәселені ұмытасың”, – деп қосты ол. 

Маркетплейстің негізгі артықшылығы – қажет дәптердің парақ санын, түсі, өлшемі немесе басқа сипаттамасын сүзгілер арқылы нақтылап, бір батырмамен сатып алуында. 

Кейіпкер киім мен аяқ киім таңдағанда да бірнеше нұсқаны қарайды екен. Оның үш баласының дене бітімі мен аяқ өлшемдері әртүрлі болғандықтан, кейде бірнеше модель мен өлшемге тапсырыс беруге тура келеді.

"Ең бастысы – баланың киімі мен аяқ киімі ыңғайлы болуы керек. Өйткені бала осы киім және аяқ киіммен күніне 6-7 сағат жүреді. Сондықтан жайлылық пен денсаулық мен үшін өте маңызды", – деп түсіндірді ол. 

Сәйкес өлшемді таңдап, қалғанын кері қайтару мүмкіндігі мектепке дайындықты жеңілдетеді. Әсіресе, бірнеше баланы қатар дайындағанда ата-анаға қосымша уақыт үнемдеуге көмектеседі.

 

"Мен үшін уақытты үнемдеу маңызды"

40 жастағы Лейла Аханова мектепке қажет заттардың көбін маркетплейс арқылы алған. Сөзінше, жұмыс пен отбасының арасында дүкен аралауға бірнеше сағат бөлу оңай емес.

"Өткен жылы мектеп формасын алу үшін базарға бардық. Шынымды айтсам, қатты шаршадым. Күн ыстық, көлік кептелісі бар, автобус күту керек. Бала да қайта-қайта шөлдегенін айтып, сусын сұрайды. Жолда бір тәттіні көрсе, соны да алып бересің. Мұның бәрі қосымша шығын екенін түсіну керек", – дейді ол.

Бұған қоса, дүкенде немесе базарда бастапқы тізімде жоқ зат көзге оңай түседі: бір нәрсе ұнайды, тағы бірі қажет болып көрінеді. Сөйтіп жоспарда болмаған тауар себетке қосыла береді.

Кейіпкеріміз бұрын онлайн саудаға күмәнмен қарағанын жасырмайды. Өлшемі сәйкес келмесе не тауардың сапасы ұнамай қалса, не істеймін деген ой маза  бермеген. Бірнеше рет тапсырыс беріп, дұрыс таңдау жасағаннан кейін бұл күмәні сейілген. Қазір тауарлардың рейтингі мен сатып алушылардың пікірлерін қарап, өлшемді алдын ала салыстыруға мүмкіндік бар екеніне көзі жеткен.

Ozon Қазақстан арқылы тек тауар бағасынан емес, дүкенге бару, жолға уақыт пен ресурс жұмсау, тізімде жоқ заттарды алу секілді қосымша шығындарда да үнемдеуге болады. 

Уақытты үнемдеудің бір тәсілі – алдын ала сүзгіден өткізу

Онлайн сауда жасағанда қажет затты тез табуға бірнеше қарапайым тәсіл көмектеседі. Бұл үшін баға, өлшем, түс, рейтинг сияқты сүзгілерді пайдалану және сатып алушылардың пікірлерін оқыған маңызды. 

Ал киім немесе аяқ киім таңдағанда бірнеше өлшемге тапсырыс беріп, сәйкес келгенін қалдыруға болады. Бұл әсіресе балалардың өлшемі әр өндіруші әртүрлі болған жағдайда ыңғайлы.

 

Төрт бала болса, әр теңгені есептеу керек

Сабина Жаным – көпбалалы ана, отбасыдағы 5 баланың 4-і мектеп оқушылары. Сондықтан Сабина үшін жаңа оқу жылына дайындық – отбасы бюджетін алдын ала жоспарлауды қажет ететін кезең. Көпбалалы ана бюджетті соңғы теңгесіне дейін бекітпейді, өйткені кейде жоспарлағаннан аз жұмсалады, кейде керісінше, қосымша шығын шығады. 

"4 баланы мектепке дайындау көп қаржыны қажет етеді. Сондықтан қажет шығындарға алдын ала ақша жинаймын. Балаларда керектінің бәрі болғанын қалаймын, бірақ сапасы да жаман болмауы керек", – дейді ол.

Сатып алуды бастамас бұрын балалардың қолындағы заттарды бірге тексереді – жаңартуды қажет ететін нәрселерді ғана жаңа тізімге қосады. Сабина Жанымның айтуынша, төрт баланың аяқ киімі мен үлкен қызының киімдеріне көп ақша кетеді. Тұңғышы 15 жаста болғандықтан, балалар бөлімінен киіндіру мүмкін емес дейді. Жалпы алғанда, киім мен кеңсе тауарларына төрт оқушыға 400 мың теңгеге дейін ақша кетеді. 

"Төрт оқушыны дайындағанда барлығын ретсіз ала беру де дұрыс емес. Сондықтан мен бағаны салыстырып, тиімдісін таңдауға тырысамын. Бір затты қаптамамен алу қаншалықты тиімді екенін қараймын, бір данасының бағасын есептеймін. Кейде тауарды жеке-жеке алу тиімді болады, кейде керісінше, қаптамамен алу ұтымды. Сондықтан есептеуді негізгі әдетке айналдырдым. Төрт оқушың болғанда, басқаша жасау мүмкін емес", – дейді ол.

Әсіресе, қарындаш, қалам, дәптер, мұқаба сияқты кеңсе тауарларын көп мөлшерде алғанда үнемдеуге болатынын айтады. Маркетплейстердің тағы бір артықшылығы – бағаларды үйден шықпай салыстыру мүмкіндігі екенін атап өтті. 

Үш кейіпкердің мектепке дайындық тәсілі әртүрлі болғанымен, олардың барлығында ортақ нәрсе бар. Олар сатып алудың жалпы құнын тек тауардың бағасымен шектемейді. 

Бұл салыстыру офлайн сауда қажет емес дегенді білдірмейді. Киімді өлшеп көру, аяқ киімнің өлшемін анықтау немесе баланың өзі таңдағысы келетін заттар үшін дүкенге бару ыңғайлы. Ал нақты сипаттамасы бар кеңсе тауарлары, күнделікті киімдер мен басқа негізгі заттарды онлайн алу базар не дүкенге артық сапардан құтқара алады. Сондықтан Ozon Қазақстанды дүкеннің толық баламасы емес, мектепке дайындықты жеңілдететін құрал ретінде қарастыруға болады.  

Stan.kz
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 17:24