"Мені өзіңмен ала кетші": Тележүргізуші Анна Данченко анасынан айырылып қалды
Қазақстандық тележүргізуші Анна Данченконың анасы өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол қаралы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Тележүргізуші анасының қазасын ауыр қабылдап, оған арнап жүрекжарды жазба жариялады Жазбасында Анна марқұм әкесін де еске алды. Оның сөзінше, анасы өмірден өткен жұбайын сағынған.
“Мен анамнан айырылдым. Анашым, мені өзіңмен бірге алып кетші… Сен жай ғана ұйықтап жатырсың ғой, иә? Мені мүлде жалғыз қалдырдың. Сенсіз бос пәтердің іші тым қараңғы. Әкемді сағынғаныңды білемін, бірақ мен ше? Жаным-ау, анашым, неге? Жаным қатты ауырып тұр”, – деп жазды тележүргізуші.
Қаралы хабардан кейін тележүргізушінің оқырмандары мен әріптестері оған көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко анасы Светлананың денсаулығы күрт нашарлап, реанимацияға түскенін айтқан еді. Ол оқырмандарынан анасына дұға етуді сұрап, жағдайының өте ауыр екенін жеткізді.
