Өзінің көгілдір екенін мойындаған әнші Рики Мартин дос жігітімен үйленді
Рики Мартин өзінің Джоэн Юзеф есімді дос жігітіне үйленді.
Әнші үйлену күнін белгілегенін, алайда тойдың әлі болмағанын айтып сұхбат берді. Айтуынша, барлық құжатқа қол қойып, неке туралы куәлікке толтырған.
“Ол менің күйеуім. Ол менің азаматым”, – дейді әнші.
Әнші тойдың бір ай ішінде болатынын айтты.
“Сіз той туралы еститін бірінші адам боласыз”, – деді әнші тілшіге.
Әншінің күйеуі швед суретшісі. Мартин Юзефпен 2016 жылы танысқан. Бірге жұмыс істеп жүріп, араларында сезіп пайда болған. Қараша айында әнші телешоу кезінде өзінің ер адаммен үйленетінін айтқан еді.
1999 жылы Livin’ la Vida Loca ән жинағы таралған соң Рики Мартиннің атағы әлемге жайылды. Бір ғана әнінің өзі ән тарихындағы ең қымбат әндер қатарына жатты.
Тағы да оқыңыз:
Қабылан үй ауласында жүрген екі баланы жеп қойды
Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)
Мәскеуде қылмыс әлемінде Сақал деген лақап атпен танылған топ мүшелерін өлтіріп кетті